SOUND OF THE DAY
СЛУШАТЬ ОНЛАЙН И СКАЧАТЬ MP3

Ауесбек Құдабаев

Ауесбек Құдабаев — Туған жер әні (Нұржан Алтайұлы)

04:27320 кбит/с10.27 MBMP3
Скачать MP3

Ауесбек Құдабаев — Туған жер әні (Нұржан Алтайұлы). Слушать онлайн и скачать MP3 (320 кбит/с, 04:27). Текст песни и плеер на Soundtivo.

СЛОВА, КОТОРЫЕ ЗАПОМНЯТСЯ

Текст песни

ТЕКСТ
Бал дәурен бала күнім өткен жер
Әкем онда еңбек етіп төккен тер.
Анам болса ас дайындап кір жуып
Киімдері күн нұрымен кепкен жер.
Атам талай қырда қойын баққан жер
Киіз басып әжем түндік жапқан жер.
Ағам талай атын мініп той тойлап
Жеңгемді әкеп бақыттарын тапқан жер.
Әпкем бізге мейрімін төккен жер
Жездем келіп ай бетінен өпкен жер.
Туған үйін қимай-қимай қоштасып
Шаңырақтан ұзатылып кеткен жер.
Асық ойнап інімізді ерткен жер
Судан шықпай денеміз де бөрткен жер.
Қапа болып жылап қалса қарындас
Жұбатып мен көз жасын да сүрткен жер.
Қырдың гүлін, қызғалдағын терген жер
Сүйгеніңе ұсынып гүл берген жер.
Ата-анаңды, туғаныңды қуантып
Жан жарыңмен жаңа өмір сүрген жер.
Атқа мініп аң-құстарын қуған жер,
Отын тасып, пішен баулап буған жер.
Сағынбастан қалай жүрем мен сені
Топырағыңнан айналайын туған жер.
Сары далама күн шуағын төккен жер
Құм төбесі түйедей боп шөккен жер.
Сол төбеде ата-бабам зираты
Дұға жасап бет сипайды өткендер.
Ауылдастар мені ұмытып кетпеңдер
Біз көшкелі өтті талай көктемдер.
Жете алмай жүр алыстағы бір балаң,
Жырақ кетсем кешіріңдер сөкпеңдер!...
0:0004:27